ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІ ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫН МЫҚТАП ҚОЛҒА АЛДЫ
Қызылорда өңірінде құс шаруашылығы өркендеп келеді. «24 кз» арнасының хабарлауынша, бұған БҰҰ мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» бірлескен жобалары сеп болуда. «Эко-Даму» бағдарламасы аясында Қазалы ауданында шағын 4 құс фермасы ашылыпты. Оның барлығы ерекше қорғалатын аймақтар маңындағы елді мекендерде кәсіпкерлікті жандандыруға бағытталған.
«Эко-Даму» бағдарламасы бойынша 2 млн теңге несиеге қол жеткізген Басықара ауылының тұрғыны Қаржау Дәрібаев барлығы 300 бас қаз, үйрек және тауық балапанын бағып-қағып отыр. Жобада үй құстарының күтіміне қажетті қора салу және жем азығын алуға қаражат бөлек қарастырылған. Жұмыртқа басып шығаратын инкубатор құрылғысын да қоса әкелген шаруа көктемге дейін үйрек-тауық саны мыңға жетіп қалады деген үмітте.
-Мынау қаздың балапан кезінде грамм шығатын, 3 ай ішінде салмағы 4-5 келіге жетіп қалды. Осыдан 100 балапан алып келгенбіз, көктемге дейін 300-400 басқа дейін жеткіземіз деген ойымыз бар, - деді құс өсіруші Қаржау Дәрібаев.
Ал мына қаз-үйрек шоғыры Тасарық ауылының тұрғыны Жасұлан Асқаровқа тиесілі. Ол да «Эко-Даму» бағдарламасынан 5 миллион теңге несие алып, ерте көктемде 2000 бас үйрек пен 1000 бас қаз асырауды бастаған. Қазірде Жасұлан аудан жұртшылығын экологиялық таза құс етімен қамтамасыз етуде.
- Қазіргі таңда осы Қазалы ауданы тұрғындарының құс етіне сұранысы артып отыр. Қаз 5 келі болады, оның бағасы 5000 теңге. Үйректер 2,5 келіден, 2500-нан сатып жатырмын, - құс өсіруші Жасұлан Асқаров.
Ресми түрде экологиялық апат аймағына жатқызылған қазалылық 13 адамға «Эко-Даму» бағдарламасынан жалпы 4 пайыздық жеңілдікпен 35 миллион теңгеден астам несие берілген. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлікке серпін берумен қатар өңірдің табиғи оңалуына септігін тигізуде.