НАН БАҒАСЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛЖУАЗ ТОБЫ ҮШІН ҒАНА АРЗАНДАТЫЛМАҚ
Нан бағасы халықтың әлеуметтік әлжуаз тобы үшін ғана арзандатылмақ. Бұл мемлекет шығынын 1,5 млрд теңгеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі үкіметтік сағатта ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Жыл сайын Үкімет соңғы 5-6 жылда 600 грамдық бірінші сұрыпты нан бағасын төмендету үшін шамамен 7-8 млрд теңге бағыттап отырды. Кейбір жылдары бұл сан 12-15 млрд теңгеге жететін. Бір жарым жыл бұрын субсидия нормативін қысқарту шешімі қабылданды. Нан бағасы нарықтық бағаға жақындауы керек, яғни, оны реттемеу қажет», - деді А.Мамытбеков.
Оның айтуынша, ендігі уақытта нан бағасы халықтың белгілі бір санаттары үшін ғана арзандатылады. Ал мемлекет шығыны бар болғаны 1,5 млрд теңгені құрайды.
«Неліктен осындай шешім қабылданды? Біріншіден, қазіргі уақытта біз нанды байлар үшін де, келейлер үшін де арзандатып жатырмыз. Нан бағасын халықтың барлық санаты үшін субсидиялау мемлекетке тым қымбатқа түсіп жатыр. Неліктен бай адамдар нанды арзан бағамен сатып алуы керек? Бұл әлеуметтік тұрғыда әділетсіз», - дейді министр.
«Екіншіден, бұл механизм күрделі және жемқорлыққа жол береді. Нан бағасы жергілікті бюджет деңгейінде арзандатылады, бірақ, арзандатылған ұн, бидай нақты межеге жеткізіле ме? Өйткені, біз арзандатылған ұнды нарықта көріп қалып жатамыз», - деп толықтырды А.Мамытбеков.