СЫР ӨҢІРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІККЕ БЕТ БҰРҒАН НӘЗІКЖАНДЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ 60%-ҒА ЖЕТТІ
Қызылорда облысында жоғары білімді мамандардың және өндірістік саладағы қыз-келіншектердің үлес салмағы 60%-ға жетті, деп хабарлады «24 кз». Түтінін түзу түтетіп, ошағын сөндірмеген арулар бүгінде кәсіпкерліктің де қыр-сырын әбден меңгеріп алған.
Соның бірі – Қазалы ауданында тұратын Гүлзия Омар. Қолы қарулы, шебер жігіттердің басын біріктірген ол темір бұйымдар жасау цехының жұмысын жүргізіп отыр. Өз үйіне тұрмыстық темір бұйымдар іздеп, аудан бойынша таппаған Гүлзия Омар осы іске өзі кірісуге бел байлайды. Содан өңірлік инвестициялық орталық арқылы 6 млн теңге несие алған ол Ресейден металды балқыту, ию, тесу аппараттарын алдырады. Ауыл-аймақтағы темір-терсектің қиюын білетін 5-6 азаматты цехқа жинап, алдымен үй шарбағы мен қақпа шығарудан бастады. Қазірде құрылымы қиын металл бұйымдарын өрнектеп тұрып жасайды.
- Жұмыссыз жүрген жігіттердің көбісі өздерінің бойындағы осындай өнері бар екенін осында келгенде ашып, өздері де таң қалуда. Қазір өз жұмыстарына риза, - дейді кәсіпкер Гүлзия Омар.
Жергілікті жерде дайындалған сапалы өнімге деген сұраныс жоғары бүгінде. Жігерімен темірді балқытқан нәзікжанды кәсіпкер енді ауданды безендіру жұмыстарына өз үлесін қосуды көздейді.
- Аудан прокуратурасы, аудан әкімдігі, кәсіпкерлік бөлімі бірлескен жұмыс тобы құрылып, Қарақұм беткейінен Қызылқұм шекарасына дейінгі елді мекендердің барлығына «100 жоба» кітабы таратылды. Соның нәтижесінде 10 айда филиал сүймелдеуімен 480 млн теңге көлемінде 31 жоба қаралды, - деді облыстық кәсіпкерлер палатасы Қазалы аудандық филиалының директоры Ермек Аймаханов.
Қолдау тапқан жобалардың бірі 20 жасында көшірме жасайтын орталық ашқан қазалылық Мейірімжан Қаниевқа тиесілі. Ол компьютерлік тың қызметтері үшін 2 млн теңге қайтарымсыз грантқа ие болып отыр. Мемлекеттік бағдарламаларды тиімді қолдануды жүйелі ұйымдастырған Қазалы ауданы облыс бойынша кәсіпкерлік жөнінен көш бастап келеді.