ТӨРТ МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘСКЕРГЕ ЖӨНЕЛТІЛДІ
Төрт мыңға жуық қазақстандық әскерге жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"30212 әскери бөліміне жіберілгендер 17 қала мен облыс аудандарынан іріктелініп алынған. Әрқайсысының жоғары моральдық-іскерлік қасиеттері, орта-арнаулы білімі, "В", "С" санатындағы жүргізуші куәлігі бар, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша шектеулері жоқ. Мерзімді қызмет өткеру үшін шақырылым басталғалы бері Департамент 270 шақырылушыны жіберді", - деп хабарлады ведомство.
Сарбаздарды әскерге жөнелту 19 қазанда басталды. Сол сәттен бастап күн сайын жекелеген әскери команда болып бозбалалар еліміздің түкпір-түкпіріне жіберілді. Әскерлерге соңғы жөнелту ертең, 7 қарашада өтеді.
Еске сала кетейік, Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 1 қазанда басталды. Шақырылуға 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан аса ер азамат жатады. Олардың 4 мыңға жуығы Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне, 2 мыңға жуығы ҰҚК Шекара қызметіне, 6 500-ден астамы ІІМ Ұлттық ұланына және 300-ге жуығы Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді қызмет өткеру үшін бөлінді.