ҒАЛЫМДАР: ТУҒАН КҮННІҢ АДАМ ДАМУЫНА ӘСЕРІ БАР
Соңғы уақыттарда ғалымдар адамның туған күні арқылы тағдырын болжап білуге болады деген тұжырым жасауда.
Чикаго университетінің бас ғылыми маманы Леонид Гавриловтың зерттеуі бойынша, наурыз айында туғандарға қарағанда күзде туған адамдардың 100 жасқа дейін өмір сүру мүмкіндігі 40 пайызға жоғары болып келеді екен. Сондай-ақ ол қыста немесе көктемде туғандар шизофрения мен күйзеліске анағұрлым бейім болатындығын анықтады. Сонымен қатар қыста туғандар алыстан нашар көреді және аллергиялық сырқаттарға бейім келеді екен.
Ал Данияда он жыл бойы балалардан қан анализін алып, оны ұзақ жылдар сақтаған. Соның нәтижесінде ХХ ғасырдың 80-90 жылдары D дәруменінің деңгейі төмен болып туған балалардың көбісінің шизофренияға шалдыққаны дәлелденді, деп жазады шетелдік БАҚ.
«ҚазАқпарат»