АРАЛДА «СОҢҒЫ ПАРЫЗ» РОМАНЫНЫҢ КЕЙІПКЕРЛЕРІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ
Қызылорда облысы, Арал ауданында Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Соңғы парыз» романының кейіпкерлеріне арналған ескерткіш ашылды. Шараға Ә.Нұрпейісов отбасымен бірге қатысты.
Өткен жылы Аралда жазушының тоқсан жылдық мерейтойына орай шығармашылық үйі ашылған болатын. Өскелең ұрпақ әдебиет үйінен жазушының шығармашылығымен танысып, танымал тұлғалармен түскен суреттерімен таныса алады. Ескерткіш осы шығармашылық үйінің алдына орнатылды.
– Қазақтың екі ғасыр өмірін керемет суреттеп, романдар жазды. Қаламының қарымымен қазақ ұлтын әлемге әйгіледі. «Соңғы парызда» тартылған теңізбен адамдардың мейірімділігінің азайып бара жатқандығын үлкен шеберлікпен ұштастырған. Шығарманы оқи отырып, сол оқиғаның бел ортасында жүргендей боласың. Осындай абыз ағамыздың шығармашылық үйі сөзбен ойдың парқын түсінетін рухани ордасына айналады. Дүние тұрғанша тұрыңыз абыз Әбе аға, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
- Бұдан кейін туған топыраққа келудің сәті түсе ме, білмеймін. Ол енді Алланың бұйрығына, денсаулығыма байланысты. Бірақ дәл қазір шексіз қуаныштымын,-деді Әбдіжәміл Нұрпейісов.
Айта кетейік, елімізде тек Ә.Нұрпейісовтың шығармаларының кейіпкерлеріне ескерткіш оранатылған. 2008 жылы Ақтөбе облысында «Қан мен тер» романының кейіпкерлеріне қойылса, Аралдағы ескерткіш екіншісі.