ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ Ә.НҰРПЕЙІСОВ СЫРБОЙЫЛЫҚ ОҚЫРМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовпен оқырмандардың кездесу кеші өтті. Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет қызметкерлері мен студент-жастар қатысты. Кешті филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы ғалым Бағдат Кәрібозов жүргізді.
Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылдың 22 қазанында Қызылорда облысы Арал ауданы Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. Қазақ руханиятына үлкен үлес қосқан қаламгер шығармалары бүгінде қазақ әдебиетінің бай мұралары болып саналады.
Жазушының тұңғыш шығармасы – Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Курляндия» романы 1950 жылы жарық көрген. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілген. «Курляндия» романы кейіннен өңделіп, толықтырылып, 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен қайта жарияланған. «Қан мен тер» трилогиясы және «Сең», «Соңғы парыз» романдары дүниежүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. «Қан мен тер» трилогиясы орыс, француз, испан, чех, румын және түрік тілдеріне тәржімаланған. Бүгінгі кездесу кешіне келген кітапсүйер қауым үшін мәдениет үйінде жазушының туындылары қойылған көрме ұйымдастырылды.
- Сыр елі үшін бүгін үлкен мереке. Арал теңізінің құйқалы пұшпақ, құйынды топырағында туып өсіп, қазақ әдебиетінің абызына, әлемдік әдебиеттің көркемдік өкіліне айналған жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жерлестерімен кездесуінің сәті түсіп отыр. Құрметті Әбе, туған жерге қош келдіңіз! Елге келген сапарыңыз жаныңызға қуат, бойыңызға демеу болғай. Әдебиет – ұлттың тағдыры. Өткен ғасырдың алғашқы жартысында жазылған «Қан мен тер» - қазақтың мәдени, рухани деңгейін әлемге танытқан, халықтың мұңы мен сырын, үміті мен арманын шұрайлы тілде паш еткен бірегей туынды. Әбеңнің шығармалары әлі талай ұрпаққа рухани азық болары сөзссіз. Сондықтан біз Тәңірге қазаққа сіздей сый бергені үшін рахмет айтамыз! Дүние тұрғанша тұрыңыз қадірлі Әбе, құрметті абыз аға, - деп облыс әкімі жазушыға жылы лебізін жеткізді.
- Мен 92 жасқа аяқ бастым. Бүгін елге келіп, жерлестеріммен, оқырмандарыммен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Әсіресе, кездесуге жастардың көп келгені көңілге қуаныш ұялатады. Сондықтан осы жастарға адал болыңдар, көп оқып, алған білімдеріңізді ел игілі үшін жаратыңдар дегім келеді. Кеш барысында көкейлеріңде жүрген сауалдарың болса, мен жауап беруге дайынмын, - дейді жазушы.
Кездесуге келген кітапсүйер қауым Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармаларына, жазушының жеке өміріне қатысты сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты.
Айта кетейік, Халық жазушысымен кездесу 8 қараша күні туған жері Арал ауданында жалғасады.