«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ПЕН «EDF» ТАБИҒИ УРАН ЖЕТКІЗУГЕ КЕЛІСІМ-ШАРТ ЖАСАСТЫ
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы мен «Électricité de France» (EDF) француздық АЭС операторы үшін қазақстандық уран жеткізіп беру шартын бекітті. Бұл келісім 10 жыл бұрын басталған ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынастардың жалғасындай болды, деп хабарлады Қазатомөнеркәсіп баспасөз қызметі.
Ынтымақтастық туралы коммерциялық келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға сапары шеңберінде қол қойылды. Қол қою рәсіміне Қазақстанның ұлттық атом компаниясының басшысы Асқар Жұмағалиев қатысты. Шартқа сәйкес, Қазақстанның ұлттық атом компаниясы 2021 жылдан 2025 жылға дейінгі аралықта EDF-ке 4500 тонна табиғи уран концентратын жеткізіп беруді жоспарланған.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ үшін EDF - еуропалық нарықтағы стратегиялық маңызды серіктес.
«Électricité de France» компаниясы әлемдегі атом электр станцияларының ірі операторы саналады.
Сондай-ақ, сапар аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев «AREVA» компаниясының бас атқарушы директоры Филипп Кношемен де кездесті. Тараптар атом саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру және ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
«ҚазАқпарат»