БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЕЛІМІЗДЕ ЖЫЛ САЙЫН 150 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ҮЙ САЛЫНАДЫ
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын Жылжымайтын мүлік қорының іске асыруы» тақырыбында өтті. Оған «Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқарма төрағасы Болат Палымбетов пен осы Қоғамның Басқарушы директоры Әділбек Көшеров қатысқан болатын, деп хабарлайды Bnews.kz.
Брифинг барысында сөз алған Болат Әбілқасымұлы өзі жетекшілік ететін ұйымның жыл сайынғы межеленген үй салу жоспарымен бөлісті.
«Біздің Қоғам өз қызметіне кіріскелі Үкімет тарапынан жыл сайын 150 мың шаршы метр пәтер салу міндеті жүктелген болатын. Қазіргі кезде жоспар толығымен мінсіз орындалып келе жатыр деп нық сеніммен айта аламыз. Нақтылай түсетін болсам, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында жекеменшік компаниялармен әріптестік орната отырып, шамамен 585 мың шаршы метр тұрғын үй (10255) құрылысы жүргізіліп жатыр. Соның ішінде 470 мың шаршы метр (8286 пәтер) «Самұрық – Қазына» жылжымайтын мүлік қорына тиесілі. Осылайша, біз Үкімет белгілеген жыл сайынғы 150 мың шаршы метр үй салынуы тиіс межені артығымен орындап келеміз, - дейді Болат Әбілқасымұлы.
Төрағаның айтуынша, қазіргі кезде елімізде жалпы ауданы 344 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Оның ішінде Жылжымайтын мүлік қорына тиесілі бөлігі – 267 мың шаршы метр немесе 5063 пәтер.