АСТАНАДА «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ» АТТЫ ОҚУ ҚҰРАЛЫ ТАЛҚЫЛАНУДА
«ҚазАқпарат» жазғандай, бүгін елордада «Жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты оқу құралын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысы өтуде.
«Елбасымыздың 5 институттық реформасы «100 нақты қадамының» 10-шы қадамында сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту көзделген. Бұл жоспар елді дамудың жаңа кезеңіне шығаратын нақты іс-қимыл жоспары болып табылады. Сонымен бірге агенттіктің алдағы ең маңызды жұмысының бірі ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бағытын атауға болады», - деді жиынды ашқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов.
Сонымен қатар ол өткен жылдың соңында еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясының қабылданғанын атап өтті.
«Президенттің «Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды», деген сөзі бар. Осы тұста сыбайлас жемқорлықтың қазақ халқының және қазақ елін мекендейтін этностардың түпткі мәдениетіне жат дүние болғанын атағым келеді. Халқымыздың өзіне тән санасын ояту мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіпкерлермен, оқу орындарымен, мемлекеттік органдармен, тіпті діни, ұлттық және мәдени бірлестіктермен бірлесіп, бір-біріміздің мүмкіндігімізді пайдаланатын боламыз», - деді А.Ахметжанов.
Айта кетерлігі, жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы бүгінде дайын. Дегенмен, оны ғалымдар тағы бір пысықтап, кем-кетігін түзеп, қажет болса толықтырулар енгізбек. Жалпы, оқу құралын кемінде 125 дана шығару жоспарланған.