ОТАНДЫҚ КИІМДЕР САТАТЫН ТҰҢҒЫШ ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ
Алматыда 6 қарашадан бастап Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығы басталады. Алғаш рет еліміздің сән салтанатына Алена Субботина сынды әлемге әйгілі модель қатысады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Алена Субботинадан бөлек, MBFWA ұйымдастырушылары тағы бірнеше жаңалығымен бөліспек. Соның бірі – Kazakhstan Fashion Institute білім жобасы. 2015 жылдың қарашасынан бастап lenazh.kz онлай-дүкені жұмыс істей бастайды. Сонымен, қазақстандық киімдер алғаш рет интернет арқылы саудаланбақ.
«Осы мезгілдің көрсетілімінде Сәкен Жақсыбай қатысып жатыр. Бұл оның әлемдік деңгейдегі алғашқы көрсетілімі. Сәкеннің «Z15» атты жаңа топтамасы бағын сынайды. Біздің хэдлайнеріміз, жапондық дизайнер Мотонари Оно арнайы алмасу арқылы Токиодан келеді. Шетелдік әріптестермен әрі қарай ынтымақтастығымыз жарасып кетеді деген үміттеміз», - дейді MBFWA бас директоры Жанель Бертаева.
«Қазір біз Милан, Париж және Лондонда өтетін сән апталықтарымен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біздің маркамыз ол жақта да жақсы сұранысқа ие боларына кәміл сенеміз», -дейді MBFWA негізін қалаушылардың бірі, креативті директоры Yan Ray.