ШЕТЕЛДІК ВАЛЮТАДА ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕ БЕРУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Қазақстанда шетелдік валютада ипотекалық несие беруге тыйым салынады. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов мәлім етті.
«ҚазАқпарат» жазғандай, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметі мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда талқыланған болатын. ҰБ өкілінің айтуынша, заң жобасының негізгі бағыты бойынша борыштық жүктемені төмендету және банктік көрсетілетін қызметтердің айқындылығын арттыру көзделеді. Осы арқылы қарыз алатын жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіледі. Бұнымен қоса, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қарастырылады. Үшіншіден, капитал нарықтарын және исламдық қаржыландыруды дамыту нормалары да қамтылып отыр.
«Тұтынушылар құқықтарын қорғау үшін валюталық кірісі жоқ жеке тұлғаларға шетелдік валютада ипотекалық қарыздар беруге тыйым салынады. Төлемдер мерзімі ұзақ уақыт бойы өтіп кеткен кезде бірінші кезекте мерзімі өткен негізгі борышты және соңғы кезекте тұрақсыздық айыбы мен айыппұлдарды өтеу қарастырылады. Сонымен қатар, ипотекалық тұрғын үй қарызының шарты бойынша міндеттеме мерзімі өткен соң 180 күннен кейінгі сыйақы мен тұрақсыздық айыбының міндеті автоматты түрде есептен шығарылады. Қарыз бойынша міндеттемені бұзған кезде жоғары тұрақсыздық айыбын, айыппұлды және өсімпұлды есептеудің тоқсан күндік шекті мерзімі белгіленеді», - деді Қ.Қожахметов.
Яғни, заң жобасында қарыз төлеуге қабілетсіз алушының міндеттемелеріне қатысты ерекше тәртіп қарастырылып отыр. Айта кетейік, бұрын қарыз төлеуге қабілетсіз тұлға ең бірінші кезекте банктердің шығындарын өтеп, сосын ғана негізгі қарызын төлеуі тиіс еді. Бұл тұтынушыларға қиындық тудырған болатын. Ал жаңа заң жобасында керісінше бірінші кезекте негізгі қарызды өтеу қарастырылады.