ҚР ПАРЛАМЕНТI «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ» ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгiн ҚР Парламентi Сенаты кезектi жалпы отырыста Мәжіліс мақұлдаған «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңын қабылдады, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Заң жобасында шекаралары нақты белгiленген аумақты бiлдiретiн мынадай органдарды басқаратын орталықтар құру көзделген. Соның бiрi – Орталықты басқару жөнiндегi кеңес. ҚР Президентi басқаратын, тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган Орталықтың даму стратегиясын айқындайды, оның қаулылар түрiндегi актiлерiн қабылдайды. Сол сияқты, Орталық әкiмшiлiгi, Орталықтың қаржылық қызметтер көрсетудi реттеу жөнiндегi комитетi және тағы бiрқатар қажеттi органдар құрылады. Заң жобасы Орталық аумағында ерекше құқұқтық режимдi бекiтедi. Онда, бiрiншiден, Орталықтың ҚР заңнамасынан өзгеше меншiк құқығы заңнамасы болады, Орталықтың құқығы ҚР Конституциясына, заң жобасына Англия мен Уэльс құқығының қағидаттары мен нормалары немесе әлемнiң жетекшi қаржы орталықтарының стандарттары негiзге алынатын орталық органдарының актiлерiне негiзделеді. Екiншiден, Орталықта ерекше салық, валюталық және визалық режимiнiң, сондай-ақ, орталық органдарының және қатысушыларының шетелдiк жұмыс күшiн тартуының ерекше режимi болады. Мысалы, Орталықтың органдары мен қатысушыларын 2066 жылдың 1 қаңтарына дейiн 50 жылға корпоративтiк табыс салығын, мүлiк салығын және жер салығын төлеуден босату белгiленген», - дейдi өз баяндамасында ҚР Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов.
Төрағаның орынбасары, сондай-ақ, визалық режим мәселесiнде орталық қызметкерлерi саналатын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ азаматтардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң виза алу рәсiмi де жеңiлдетiлгенiн айтты. Сонымен қатар, Қ.Қожахметов «Болашақ» бағдарламасы бойынша бiлiм алып, шетелде қызмет етiп жатқан қазақстандық бiрқатар жас қазiрдiң өзiнде аталған қаржы орталығына қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.