ҰШАҚ АПАТТАРЫНАН КЕЙІН ЕЛІМІЗДЕГІ ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРЫ ТЕКСЕРІЛЕ БАСТАДЫ
Қазақстан әуе кеңістігіндегі қауіпсіздікті күшейтуге кіріспек. Ресейдің ұшақтары бірінен соң бірі апатқа ұшырап жатқан кезде Азаматтық авиация комитетіндегілер қарап отыра алмапты. Шенеуніктер көктегі қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін әуекомпанияларын түгел тексергелі жатыр.
«КТК» телеарнасы хабарлағандай, алдымен экипаж мүшелеріне арналған қосымша оқу-жаттығулар ұйымдастырылады. Және ұшқыштарды жұмысқа қабылдау тәртібі мен сынақ та күшейтілмек. Ал ұшқыштарға жалғын анықтама, рұқсат қағазын бергендер жеке-жеке жазаланады. Сондай-ақ әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу жұмыстары да тұрақты тексеріледі. Қауіпсіздік шараларының шұғыл күшейтуге жуырда Мысырда аптқа ұшыраған Ресей лайнері себеп болыпты. Шарм-әл-Шейхтен Санкт-Петерборға бағыт алған ұшақтың ішінде 217 жолаушы көз жұмған еді.
Көпбосын Тоқпақбаев,
ҚР Азаматтық авиация комитетінің басқарма жетекшісі:
- Нұсқау бойынша, ұшқыштарға қайтадан олардың білімін, істерін қайта тексеру, тренажерный комплекстерді қайталап оқу-жаттығу тапсырмаларын қайталап шығу. Алдын ала қамтып, техникалық ақауларды жібермес үшін, ұшудың алдында, ұшудан кейін ұшқыштардың мінездемесі бойынша тағы нұсқаулар жібердік.