АУЫЛ ӘКІМДЕРІ МЕН УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ХАЛЫҚ АЛДЫНДА БІРГЕ ЕСЕП БЕРЕДІ
Желтоқсаннан бастап Қызылорда облысына қарасты барлық ауылдық округ әкімдерімен бірге енді учаскелік полицейлері де халық алдында есеп береді. Бұл ұсынысты облыс әкімі Қ.Көшербаев облыс әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведмоствоаралық комиссиясы мен облыстық құқық қорғау органдарының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің бірлескен отырысында айтты.
136 ауылдық округте 147 учаскелік полицей бар. Ал аймақ тұрғындарының 27 пайызы мал шаруашылығымен айналысады. Елді мекендерде мал ұрлығына жол бермеу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуі тиіс. Соның бірі – төрт түлікті құжаттандыру. Бүгінде облыста 755 405 малдың құжаты жасалған. Осы орайда аймақ басшысы барлық деңгейдегі әкімдерге нақты тапсырмалар жүктеп, ішкі істер органдарымен бірлесе жұмыс істеуді тапсырды.
- Өкінішке орай ұрлық, соның ішінде мал ұрлығы азаяр емес. Жан бағып отырған төрт түлігінен айырылса, ауылдағы жұрттың жағдайы не болады? Бұған учаскелік полицейлер мен ауыл әкімдері жауапты. Ұрлықтың өскеніне қарағанда олардың жұмысы дұрыс ұйымдастырылмаған. Сондықтан ішкі істер органдарының жұмысына қанағаттанарлықсыз деп баға беремін. Ұрлықты азайту үшін малды бірігіп бақташыға бақтыру керек. Бұл жұмысты ұйымдастыруға, ауыл әкімдері, ұйытқы болыңыздар, - деді Қ.Көшербаев.
Айта кету керек, соңғы екі жарым жылда ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, олардың жұмысының тиімділігін арттыруға 4,5 млрд. теңге жұмсалған.