ҒАРЫШКЕР АЙДЫН АЙЫМБЕТОВКЕ ӨСКЕМЕНДЕ ОТАНДЫҚ КӨЛІК СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ
Өскеменге 4 қарашада жұмыс сапарымен ғарышкер Айдын Айымбетов ұшып барды. Қазақстанның Халық батырын әуежайда облыс пен облыс орталығының басшылығы, ардагерлер мен жастар қарсы алды.
Ғарышкер, ҚР Әскери-әуе күштері полковнигімен өңір әкімі Даниал Ахметов кездесті. Әңгімелесу барысында Айдын Айымбетов қазақстандық және ресейлік ғалымдар әзірлеген ғарыш бағдарламасын толықтай орындағаны жайлы айтып берді.
«Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесуде өзімнің ғарыштық бағдарламамды қалай орындағанымды баяндап бердім. Президент Қазақстанның ғарыш қызметі одан әрі дами түсетініне сенім білдірді. Тағы да ел Президентіне ерекше алғысымды білдіргім келеді. Бұл ұшыру Елбасымыздың шешімі мен ерекше қолдауының арқасында мүмкін болды. Соңғы ұшырылымнан бері 14 жыл өтіпті», - деді А.Айымбетов.
Д.Ахметов Шығыс Қазақстан жайлы, өңірде өндірілетін өнімдер жайлы сөз етті. Басым жобалардың ішінде қуаты жылына 120 мың көлікті құрайтын республикадағы ірі автомобиль өндірісі - «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ-ны атады.
Шығысқазақстандықтар атынан Айдын Айымбетовке әкім «SKODA Superb» көлігінің кілтін табыс етті.
«Бұл сізге өңіріміздің атынан ғарыштағы ерлігіңізге ризашылық ретіндегі сыйлығымыз болсын» - деді әкім.
«БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» АҚ басқармасының төрағасы Анатолий Балушкин көлік сертификатын табыс еткен соң А.Айымбетовті өз отанымызда құрастырылған премиум-класты көліктің рөліне отырып, жүргізіп көруді ұсынды.
Айдын Айымбетов сондай-ақ Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ - техникалық жоғары оқу орнының студенттерімен, қала жұртшылығымен, ардагерлермен кездесті. Кездесуден кейін «Торпедоның» өз аренасында өткен хоккей ойынын тамашалауға барды.
5 қарашада қазақстандық ғарышкер А.Айымбетов Семейде студенттермен кездеседі, қаладағы мұражай-қорықтарды аралап, Абай мемориалына барады.
ҚазАқпарат хабарлағандай, ғарышкер А.Айымбетов 2015 жылғы 2 қыркүйекте халықаралық экипаж құрамында «Союз ТМ-А» ғарыш кемесінің екінші борт инженері ретінде ұшқан болатын. Ұшырылым 10 күнге созылды.
Бортта ғарышкер 10-нан астам ғылыми-зерттеу тәжірибесін жүргізген. Зерттеулердің негізгі бағыттары - ғарыш мониторингі: экологиялық жағдайды, атап айтқанда, Арал мен Каспий теңізінің жай-күйін, шаңды дауылдың бағыттарын бақылау, мұнаймен ластануы проблемалары болды. Бұдан басқа, биотехнология мен биомедицина саласында зерттеулер жүргізілді - ғарышқа ұшудың ғарышкерге әсері зерттелді.