Н.ЕРМЕКБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Кеше ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесі хатшысы Н.Б.Ермекбаев Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары кезінде Қызылорда облысы ішкі істер департаменті Жедел жоспарлау басқармасының жұмысымен, материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығы 2007 жылдың 25 маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға бағдарламасының» талабына сәйкес іске қосылған болатын. Осы ғимараттың салынуына облыстық бюджеттен 114 млн 596 мың теңге, ал республикалық бюджеттен 388 млн 854 мың теңге қаржы бөлінді.
Облыс орталығында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында көше қиылыстары мен көпқабатты үйлердің аулаларына жалпы саны 243 бейнебақылау камералары орнатылған болатын.
Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен, полицияның кешенді күштерін тиімді пайдаланып, дер кезінде ден қою нәтижесінде 2015 жылдың 10 айында барлығы 157 қылмыстың беті ашылып, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің баптары бойынша барлығы 37679 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Шара барысында келген қонақтар кез келген аймақтың даму деңгейі оның қоғамдық тәртібінің тұрақтылығымен және азаматтардың құқығын қамтамасыз етуімен анықталатынын баса көрсетті. Жергілікті әкімдік тарапынан бұл бағыттағы Ел Президентінің тапсырмасы толықтай орындалып жатқандығын және органдардың мәртебесін арттыру бағытында біраз шаруа атқарылғанын жеткізді. Қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмыспен күресте полиция қызметкерлерінің еңбек етіп жүргенін көрсетіп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатырған қолдау халық алдындағы міндеттерін еш кедергісіз, адал орындауларына оң әсерін тигізетініне сенімдерін білдірді.