ЕЛДЕГІ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДIҢ 28%-ДАН АСТАМЫНА КҮРДЕЛI ЖӨНДЕУ ҚАЖЕТ
Республикада 100 мыңнан астам көппәтерлi тұрғын үй бар және олардың 28%-дан астамы күрделi жөндеу жұмысын жүргiзудi қажет етедi. Бұл жөнiнде Қазақстанда энергия тиiмдi тұрғын үйлердi жобалау және олардың құрылысы тақырыбына арналған халықаралық конференцияда ҚР ИДМ Құрылыс iстерi, ТКШ және жер қорларын басқару комитетi басқармасының басшысы Дәрiбала Турушова мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«БҰҰ ДБ-ның Қазақстанда энергиятиiмдi тұрғын үйлердiң құрылысына арналған пилоттық жобаларында осы аядағы жұмыстардың оң және терiс жақтары, оның жолындағы кедергiлер және ұсыныстар көрiнiс тапқан. Құрылысқа арналған жер учаскелерiн ұсыну туралы шешiм қабылдау кезiнде жергiлiктi билiк органы тарапынан салынатын ғимараттар үшiн энергия тиiмдiлiгi бойынша талаптар орнату, ғимараттың энергия тиiмдiлiгi мен қолайлылығы санатын өзара байланыстыру, ғимаратты энергия тиiмдiлiгi бойынша таңбалау жайында тапсырыс берушiлер мен ғимарат иелерiне арналған талаптар енгiзу секiлдi мәселелердi басты ұсыныстар деп атауға болады», - дедi ол. Д.Турушова комитет жаңа құрылыстарда энергия тиiмдiлiктi насихаттауға ғана емес, сондай-ақ қазiргi тұрғын үй қорларын модернизациялау бойынша да белсендi жұмыс жүргiзiп жатқанын айтты.
«Республикада 100 мыңнан астам көппәтерлi тұрғын үй бар және олардың 28%-дан астамы күрделi жөндеу жұмысын жүргiзудi қажет етедi. Бұзылуы тиіс апатты жағдайдағы үйлер саны 3 мыңнан асады. Елiмiздегi тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мен модернизациялауға арналған арнайы бағдарлама күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу нәтижесінде жылу тұтынуды үнемдеудi 30%-ға жеткiзу ұсынылып отыр. Қазiр екiншi деңгейлi банктердi тартумен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қоры арқылы үйлерді жөндеу жұмыстарын қайтарымды негiзде қаржыландыру қарастырылып жатыр. Шетел тәжiрибесi бойынша қордан несие берiлуi кезiнде пайыздық мөлшердемелердi субсидиялау мәселесi пысықталып жатыр», - дедi ол.