«ҚЫЗЫЛОРДА-ШЫМКЕНТ» УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫС АҚЫЛЫ БОЛМАҚ
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Астана - Атбасар» және «Қызылорда - Шымкент» учаскелерінде ақылы қозғалыс енгізбек.
«Кеше «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті, онда Қазақстандағы жол-көлік инфрақұрылымын ұстау және дамыту бойынша Қоғамның одан әрі қызметінің өзекті мәселелері мен сценарийлері қаралды», - деп хабарлады «ҚазАқпарат». Инвестиция және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбектің төрағалық етуімен өткен кеңес ақылы автомобиль жолдарын дамыту сценарийін, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ тауарлары, жұмыстары, көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидасына енгізілген толықтыруларды, 2014 жылғы ішкі аудит қызметінің жылдық есебі және Қоғамның басқа да маңызды мәселелерін қарады.
Атап өтсек, кңесте «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 2014 жылғы ішкі аудит қызметінің жылдық есебі бекітіліп, 2014 жылғы аудит нәтижелері бойынша қабылданған шаралар туралы қоғам басқармасының есебі мақұлданды. Осы мәселе бойынша директорлар кеңесі қоғам басқармасына ҚР заңнамасының, Қоғамның ішкі құжаттарының сақталуын, Түзету шаралар жоспарының орындалуын бақылауды күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, Кеңес 2016 жылғы 2 кезеңде «Астана - Атбасар» және «Қызылорда - Шымкент» учаскелерінде ақылы қозғалысты ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады. Басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру мақсатында «KazToll» ЖШС еншілес компаниясын құру ұсынысы қозғалды, оған ақылы қозғалысты ұйымдастыру және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын дамыту жөніндегі өкілеттіктер беріледі.
Еске салсақ, 27 қазанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының жол-көлік инфрақұрылымын, көлік логистикасын және авиатасымалды дамыту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Осылайша, Заңға сәйкес «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ұлттық операторына жаңа өкілеттіктер берілді, Қазақстандағы жол-көлік инфрақұрылымын ұстау және дамыту жөніндегі жалғыз оператор болып жарияланды.