ЖАҢА ЕҢБЕК КОДЕКСІ ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН САҚТАУҒА СЕП
Қызметкерлерді жұмысқа алу алдындағы сынақ мерзімі 3 айдан аспауы тиіс. Сондай-ақ кәсіпорын не мекеме жұмысын уақытша тоқтатқан жағдайда қызметкерлерді олардың денсаулығына зиян келтірмейтін кез келген басқа жұмыс орнына ауыстыруы тиіс.
«Хабар» телеарнасы хабарлағандай, бұл толықтырулар жаңа Еңбек кодексінің жобасында қарастырылған. Жұмыс берушінің де, қызметкердің де құқын қорғайтын құжат Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында қаралды. Оған сәйкес жұмыс беруші зейнет жасына жеткен азаматпен еңбек шартын жыл сайын екі жақтың келісімімен ұзартып отыруы тиіс. Сонда ғана зейнеткерлік жасқа жеткен азамат ары қарай жұмыс жасау құқығына ие болады. Ал кәсіпорын не мекеме жұмысын уақытша тоқтатқан күннің өзінде қызметкерлерді олардың денсаулығына зиян келтірмейтін кез келген басқа жұмыс орнына ауыстыруы тиіс.
Владимир Редкокашин,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Экономикалық қиындықтарды сылтауратып та жұмыс беруші қызметкерлерін бірден босата алмайды. Себебі ұжымдық келісім бар. Ол бойынша, алдымен мекеме қалыптасқан жағдайды жақсарту үшін қандай жұмыстар атқарғаны туралы есеп беріп, ол шаралар өз жемісін бермеген жағдайда әрі қарай жұмыс істеу тиімсіз екенін дәлелдеуі тиіс.
Сондай-ақ Кодекс жобасында жұмыс берушілер үшін белгілі бір көлемде жұмысқа жалдау, кадрлық жылжу, жұмыстан босату, қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен жалақы төлеу рәсімдері жеңілдетілген. Екінші жағынан қызметкерлердің базалық еңбек мүмкіндіктері мен құқықтары белгіленіп, жеке ұжымдық шарттар мен келісімдер арқылы кеңейту көзделеді. Осылайша өз дәрежесінде дамымай келген келісімдер мен ұжымдық шарттардың рөлін көтеру қарастырылады.
Біржан Нұрымбетов,
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары:
- Жұмысшыларды жұмысқа алу мәселесінде белгілі бір мерзімге жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталуына байланысты қайта қарағанда жұмыс берушіге сол шартты сол мерзімге қайта созуға құқық беріліп отыр. Бірақ мұндай шартты созу мерзімін екі реттен аса қолдануға болмайды. Одан кейін ол шексіз мерзімге созылуы тиіс. Және де 3 айдан аспайтын сынақ мерзімін жұмысшылардың санатына қарамастан қолдану құқығы беріледі.
Тұтастай алғанда, кодекс жобасы кәсіпкерлікті, еңбек нарығын дамытуды, экономикаға шетелдік инвесторларды тартуды көздейді. Сондай-ақ еңбек қатынастары саласында жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында мемлекеттік араласу шегі айқындалып, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігі сараланады. Мемлекет өз тарапынан еңбекақылар мен өтемақылардың ең төменгі стандарттарын белгілеп, жұмыс берушілер тарапынан олардың орындалуын бақылауға алмақ.