ОБЛЫСТАҒЫ ЭПИДЕМИЯЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында ҚР ҰЭМ ТҚҚ Комитетінің Қызылорда облысы бойынша ТҚҚ департаментінің ұсынысымен «Тұмау, жедел респираторлы вирусты инфекциясы бойынша эпижағдай және оның алдын алу жолдары» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді.
Баспасөз конференциясында ҚР ҰЭМТҚҚК Қызылорда облысы департамент басшысының орынбасары Ұлбосын Аханаева тұмау және ЖРВИ бойынша қалыптасып отырған эпидахуал жөнінде тоқталып өтті.
Жалпы облыс бойынша 2015 жылдың 10 айының қорытындысымен облыс көлемінде жедел респираторлы вирусты инфекциясының 16452 жағдайы тіркеліп, аурушаңдық көрсеткіш 2291,7 құраған. Жедел респираторлы вирусты инфекциялардың аурушаңдық көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға төмендеген. Тіркелген жағдайлардың 73 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық көрсеткіш 12,3 пайызға төмен.
1 қарашадан бастап, облыс аумағында тұмауға қарсы иммундау жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылға 17329491 теңге қаражат бөлініп, 23070 мың доза вакцина сатып алынды. Бүгінгі таңда тұмау ауруына қарсы 16832 егумен қамтылды, оның ішінде 519 медицина қызметкерлері, 1800 жабық мекеме балалары, 921 жүкті әйелдер. Ақылы түрде тұмауға қарсы егулер алуға болады, - деді Ұ.Аханаева.
Шынар БЕКБАН