ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАНҒАН ҮЛГІСІ ЕНГІЗІЛУДЕ
Бұл туралы ҚР Президенті Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасындағы отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани адамгершілік құндылықтарды нығайтудың Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Светлана Жақыпова хабарлады, деп жазады mzsr.gov.kz.
Сөз басында ол ҚР ДСӘДМ аймақтардағы әлеуметтік әл-ауқатты бақылауға мүмкіндік беретін әлеуметтік проблемалар картасын жасау бойынша жұмыс жүргізіп жатқандығын мәлімдеді.
«Қазіргі таңда картада медициналық ұйымдар, әлеуметтік нысандар, ана мен сәби өлімі жайлы ақпараттар, АҚТҚ жұқпалы ауруына шалдыққан адамдар саны, сонымен қатар, мүгедек азаматтар жайында мәлімет бар. Ол жетім балалар, балалардың денсаулығы, нашақорлық пен қылмыскерлік мәселелері және тағы басқа ақпараттармен толықтырылатын болады», - деп айқындады Светлана Жақыпова.
Вице-министр халықтың денсаулығын нығайту мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің әлеуметтік бағдарланған үлгісін енгізуге ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап айтты. Әрбір аудандық және қалалық емханаларда отбасын жоспарлау кабинеттері бар. Республика бойынша кәсіби медқызметкерлер жұмыс істейтін осындай 359 кабинет пен репродуктивті денсаулық орталықтары қызмет етіп келеді.
Аймақтарда жаңа туған сәбиі бар аналарға арналған 27 «Аналар Үйі» - «Дом мамы» дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Орталық ашылған 2013 жылдан бастап 1045 әйелге көмек көрсетілді. Аталған орталықтағы ана мен бала аймақтық емханаға тіркеліп, психологиялық көмекпен қатар, кепілдік берілген тегін медициналық көмек көлемін алып келеді.
2015 жылы халықтың сауаттылығын мен хабардарлығын арттыру мақсатында «Репродуктивті денсаулықты қорғау, медициналық қызметкерлерге, халыққа кеңес беру арқылы отбасын жоспарлау, жүктілікке дайындық, дені сау баланы дүниеге әкелу» жобасын жүзеге асыру жалғастырылды.
«БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының қолдауымен Қазақстан Республикасында өзіне-өзі қол жұмсау превенциясы бойынша жобаны енгізу шаралары қолданылуда. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2014 жылы 9 бен 18 жас аралығындағы балалар арасында 192 өзіне-өзі қол жұмсау жағдайлары тіркелген, 2013 жылмен салыстырғанда көрсеткіштің 1,5 есеге төмендегені байқалады», - деді Светлана Жақыпова.
ДСӘДМ білім және ғылым, ішкі істер министрліктерімен бірлесе отырып, өзіне-өзі қол жұмсау превенциясы бойынша денсаулық сақтау және білім беру жүйелері үшін оқыту модульдерін жасау бойынша жоба енгізуде. Оның бірінші кезеңінде оқыту модульдері Астана қаласы мен Қызылорда облысында енгізу жоспарланып отыр, ағымдағы жылы аталған аймақтардан келген 100-ден астам мастер-тренерлер оқудан өтті. Жалпы алғанда, республика бойынша оқыту модульдерін енгізу 2017 жылы аяқталады.
Вице-министр мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу құқығын жүзеге асырудың тиімді жағдайларын жасау бойынша ҚР БҒМ-мен бірлескен жұмыс өз жалғасын тауып келе жатқанын атап айтты.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілуін ұлғайту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың жанынан түзету топтарын құруды қарастыру, мемлекеттік жеке меншік серіктестік негізінде түзету балалар бақшасы мен топтарын ашу ұсынылады. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қосымша білім берудің қолжетімділігі «Инклюзивті білім беруді дамыту» кешенді жоспарының аясында жүзеге асырылады.
Аймақтарда арнайы білім беру ұйымдарын мультимедиалық оқыту құралдарымен, интерактивті тақталармен, қосымша компенсаторлы оқыту құралдарымен қамтамасыз етуді біртіндеп 100% көрсеткішке жеткізу бойынша кезең-кезеңімен жұмыс атқарылып келеді. Бұл балаларды әлеуметтендіруге, олардың оқу сапасын арттыруға көмектеседі.
2011-2020 жылдарға арналған ҚР-дағы білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасының аясында республикалық бюджеттің есебінен үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалар арнаулы құралдармен және компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, аймақтарда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ішкі әлеуетін ашу және қоғамға кіріктіру мақсатында «Көкейімдегі бар әлем» шығармашылық фестивалінің іріктеу кезеңі өткізілуде. Оның жеңімпаздарын марапаттау және ақтық гала-концертін 2015 жылдың қараша айында өткізу жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасындағы отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани адамгершілік құндылықтарды нығайтудың Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары 2014 жылдың 19 қыркүйегінде өткен «Мерейлі отбасы» бірінші жалпыұлттық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде жасалған болатын.
2015 жылдың қыркүйегінде «МЕНІҢ ЕЛІМ» азаматтық біртектілікті нығайту ұлттық жобасын жасау мен жүзеге асыру шараларының аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. ҚР-дағы отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани адамгершілік құндылықтарды нығайтудың Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары репродуктивті денсаулық сақтауды, қиын жағдайға тап болған отбасыларын қолдау орталықтарын құру бойынша ұсыныстар енгізу, электронды денсаулық паспортын енгізу және өзге де әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жаңа шараларымен толықтырылды, «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық идеясына негізделген «Бірегей болашақ ұлты» жаңа бөлімі енгізілді.