«ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНДЕ «ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» ПАВИЛЬОНЫ АШЫЛУЫ МҮМКІН
«ЭКСПО-2017» көрмесінде «Қазақстанда жасалған» павильоны ашылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында «Қазақстанда жасалған» жобасының жетекшісі Римма Тәжібаева айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Біз «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясымен «Халық маркасы» байқауының қатысушыларына қатысты келіскен болатынбыз. Олар байқау барысын жіті бақылады. Миланда бұл кәсіпорындар өз өнімдерін әлем жұртшылығының назарына ұсынды. Осы ретте «Астана ЭКСПО-2017» компаниясы «Халық маркасы» байқауы жеңімпаздарының өнімі үздік бренд екенін қаперге алып, олармен әрі қарай келіссөздер жүргізеді деген ойдамыз», - деді Р.Тәжібаева.
Оның хабарлауынша, «ЭКСПО-2017» көрмесінде «Қазақстанда жасалған» павильоны ашылуы мүмкін.
«Біз ұлттық компанияға ЭКСПО көрмесінде «Қазақстанда жасалған» павильонын ашуды ұсындық. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Егер 2017 жылы ЭКСПО көрмесінде осындай павильон жабдықталса, келушілердің қатары қалың болады деген ойдамын», - деп атап өтті ол.
Айта кетейік, «Қазақстанда жасалған» акциясын қолдауға бағытталған «Халық маркасы» жалпыхалықтық байқауы мамыр-қазан аралығында өтті. Байқауға барлық өңірлерден 100-ден астам тауар маркасын иеленуші қатысып, 27 компания жеңімпаз атанды. Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облысы және Алматы қаласының үш кәсіпорны ең үздік деп танылды. Жеңімпаздар Милан қаласында «ЭКСПО-2015» көрмесіндегі Қазақстанның павильонында бүкіләлемдік азық-түлік күні аясында марапатталды.