ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ТҰРАҚТЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ
5 қарашада Қызылорда қаласында «Арал маңының биоалуантүрлілігін сақтау және жер ресурстарын тұрақты пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Басқосу аясында аграрлық сектордың тұрақты дамуы, Қызылорда облысының жер қорларын тиімді пайдалану және Арал өңірінің бірегей биоалуантүрлілігін сақтау мәселелерін талқылау жоспарланған. «Жасыл» ауыл шаруашылығы қағидаларын енгізу бағытында тәжірибе алмасу, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар жүйесін дамыту жөніндегі ұсыныстар қарастырылады.
Дөңгелек үстел жұмысына облыс әкімдігі мен басқарламаларының өкілдері, Парламент Мәжілісінің өкілі, орталық және аймақтық атқарушы органдар, ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдар, БҰҰДБ жобалары, қоғамдық және коммерциялық ұйымдар қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар орман, ауыл және балық шаруашылықтарында қорларды үнемдейтін «жасыл» әдіс-тәсілдерді енгізу бойынша бірлескен сынамалы жобалардың нәтижелері де қаперге алынады.