АҚШ АРАЛ ТЕҢІЗІНІҢ ПРОБЛЕМАСЫ САЛДАРЫН ЖОЮ БОЙЫНША ШАРАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ - ДЖОН КЕРРИ
АҚШ Арал теңізінің проблемасы салдарын жою бойынша шараларға қолдау көрсетеді. Бүгін Назарбаев Университетінде өткен дәрісте АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри осылай мәлім етті.
«Біз сонымен қатар, климаттың өзгеруіне қатысты жағдайды жақсарту жоспары бойынша серіктеспіз, сондай-ақ Арал теңізі проблемасы салдарын жою тұрғысында бағдарламаны қолдаймыз. Мұнымен қоса, біз Орталық Азиядағы өзен бассейндерін қолдауға негізделген бағдармаға қатысамыз»,-деді АҚШ Мемлекеттік хатшысы. Осы орайда ол экология саласы және «жасыл» технологияларды дамыту бағытында жеке компаниялар мен университеттерді тарту керектігін атап өтті.
«Жаңа технологияларды әзірлеу мен осы тұрғыдағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жоспарын қолдау үшін біз жеке компаниялармен, университеттермен, яғни Назарбаев Университеті секілді оқу орындарымен бірлесе жұмыс істей аламыз»,-деді Джон Керри.