БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ БҰРҚАСЫНДАТЫП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
3 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман түседі, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, тек оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, түнде Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Атырау, күндіз Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі, Павлодар облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-23 м/с күшеюі күтіліп, кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысында жел соғады, күші 15-20 жетеді, кей жерлерінде екпіні 25 м/с жаяу бұрқасын болады.