ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚМУ-ДЕ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ» КАФЕДРАСЫ АШЫЛДЫ
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы ашылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ондағы басты мақсат – қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, оның мемлекеттілігі, Еуразия тарихындағы орны мен рөлі туралы білімді тарату, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, этностық мәдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының дәстүрлерін дамыту. Меңгерушісі боп қоғамтанушы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлыбек Мыңжас тағайындалды.
«Кафедра құрамының басым бөлігі – ғылыми атағы және мәдени-көпшілік және саяси-қоғамдық жұмыстарда тәжірибелері бар оқытушылар. Олардың қатарында Қазақстан халқы ассамблеясы облыстық хатшылығын 15 жылдай басқарған, қазіргі кезде «Қоғамдық келісім орталығы» ММ-нің бөлім басшысы Асылбек Жұмабаев та бар», - делінген хабарламада.
Оқытушылар университеттегі барлық мамандықтар бойынша білім алушыларға «Әлеуметтану», «Қазақстандағы этносаралық қатынастар», «Қазақстандағы этностардың тарихы мен мәдениеті», «Әлеуметтік этнография және демография», «Этносаясат негіздері», «Конфликтология» пәндерінен дәрістер береді.