ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БРИФИНГ ӨТТІ
Кеше Қызылорда облысы ТЖД дағдарыс орталығында журналистер үшін брифинг ұйымдастырылды. Брифингті департамент бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет полковнигі М.Келесов ашты.
Анықтау бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет подполковнигі М.Ибрашев өрт қауіпсіздігін сақтау туралы, өрт қауіпсіздігін сақтау аясындағы үгіт-насихаттық жұмыстары жөнінде, өрт қауіпсіздігі айлығының өткізілуі туралы әңгімеледі. Тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтауды күшейту, өртте адам өлімін болдырмау және өрт қауіпсіздігін сақтау үгіт-насихаттық іс-шарасын жүргізу мақсатында Қызылорда облысында 1 қыркүйек пен 1 қазан аралығында «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілуде. Осы айлықты ұйымдастыру аясында буклеттер мен үнпарақтар таратылуда. Телеарналарда күн сайын тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, радиода аудиоролик тыңдалуда.
Өрт қауіпсіздігі қызмектерлері азаматтарға өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде айтып, өрт болған жағдайда «101» нөміріне қоңырау шалу қажеттілігін ескертуде.
ТЖ департаменті "Суда құтқару қызметі" ММ-нің басшысы А.Алмашев эфир барысында табиғат аясында демалғанда, судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігі жөнінде және балаларды ата-анасының қарауынсыз қалдырмау керек екенін айтты.
Айгүл НҰРМАНОВА,
Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі