«ЖІГЕР» ҰЙЫМЫНЫҢ ЖОБАСЫ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ
Қызылордалық спортшы мүгедектердің «Жігер» қоғамдық бірлестігі «Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар» республикалық көрмесінде көш басынан көрінді.
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС-нің облыстық коммуникациялар орталығының брифингінде бұл туралы бірлестік төрағасы Мұрат Жұмаділдаев мәлімдеді. Аталмыш ұйым 23 қазан күні Астана қаласында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ұйымдастырған көрмеге «Мүмкіндігі шектеулі жастармен жұмыс жасау бойынша әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» атты әлеуметтік жұмысын апарған болатын. Нәтижесінде үздік деп танылып, бағалы сыйлықпен марапатталды.
2014 жылдан бастап өңірімізде алғаш рет мемлекеттік тапсырыс аясында мүгедектерді қашықтықтан оқытуға облыстық бюджеттен 5 млн. теңге бөлінді. Биыл қаржы көлемі артып, «Жігер» ұйымының жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі 50 адамты қашықтықтан оқытып, 20 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған.
Жалпы, облыста 27 мыңдай қамкөңіл жан бар болса, соның 17 мыңдайы еңбекке қабілетті. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтынгүл Есқараеваның айтуынша, былтыр 1 000 шақты адам, ал биыл осы уақытқа дейін 700-дей адам еңбекпен қамтылған.
Назерке САНИЯЗОВА