2017 ЖЫЛДАН БАСТАП МЕЙІРГЕРЛІК ІС ОҚЫТУШЫЛАРЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН-ФИНДІК МАГИСТРАТУРАСЫ ЕНГІЗІЛМЕК
2017 жылдан бастап ҚР ЖОО мен колледждеріне мейіргерлік іс оқытушылары үшін Қазақстан-Финдік ортақ магистратурасы енгізіледі, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы мейіргерлік істі дамыту. Мейіргерлік іс мамандарын даярлаудағы заманауи тәсілдер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР ДСӘДМ Ғылым және адами ресурстары Департаментінің директоры Алма Сыздықова мәлімдеді.
А.Сыздықованың айтуынша, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторындағы институционалдық реформаларды жүргізу мен технологияларды тарату» атты Дүниежүзілік банк жобасының аясында ҚР ДСӘДМ Финляндияның қолданбалы ғылымдар университеттері Федерациясымен бірлесе отырып, 2014 жылдан бастап мейіргерлік іс мамандарын даярлауды жетілдіруден біршама шаралар өткізіліп келеді.
Ақпарат көздеріне сүйенсек: Қазақстандық мамандар ФУАС халықаралық сарапшыларымен бірлесе отырып, практикалық дайындығы басым білікті мейіргерлерді дайындауға бағытталған «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасын жасады. 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған бағдарлама еліміздің алты медициналық колледжінің базасына пилоттық режимде енгізілді.
Сонымен қатар, ҚР ДСӘДМ Финляндияның қолданбалы ғылымдар университеттері Федерациясы халықаралық сарапшыларымен бірлесе отырып, 2016-2020 жылдарға арналған ҚР мейіргерлік білім беру жүйесін жетілдіру бойынша жол картасын әзірледі.
«Оның аясында мейіргерлік қызмет мамандарын дайындау оқыту бағдарламаларын жетілдіру, мейіргерлік білімді басқару қағидалары, медициналық колледждердің профессорлық-оқытушылық құрамының әлеуетін нығайту сияқты шаралар жүзеге асырылады. Жол картасын жүзеге асыру барысында ҚР ЖОО мен колледждеріндегі мейіргерлік іс оқытушылары үшін бірлескен Қазақстандық-Финдік магистратураны енгізу жоспарланып отыр», - деп хабарлады Алма Сыздықова.
Департамент басшысы медколледждердегі оқытушылар мен басқарушы лауазымдарға халықаралық жетекші мамандар шақырылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, мейіргерлік іс мамандарының регистрін жасау, мейіргерлік іс жоғарғы мектептері мен колледждерін қайта құру, медколледждер оқытушыларының біліктілігін арттыру бағдарламаларын енгізу жоспарланып отыр.
Астана Медициналық колледжінің 80 жылдығына арналған конференция барысында ҚР ДСӘДМ, еліміздің медициналық колледждерінің, Омск мемлекеттік медициналық университеті медициналық колледжінің (Ресей), қолданбалы ғылымдар университеттерінің Федерациясы (Финляндия) өкіл-қатысушылары және өзге де мамандар Қазақстандағы мейіргерлік іс қызметін дамыту саласының өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, мейіргерлік іс мамандарын дайындаудың заманауи тәсілдері бойынша халықаралық серіктестермен тәжірбие алмасты.
Денсаулық сақтау саласы отандық және халықаралық сарапшыларының пікірінше, мейіргерлік іс саласында жүргізілетін реформалар аталған процесті ақпараттандыру, басқаруды жетілдіру, біліктілікке негізделген мейіргерлерді дайындау білім стандарттарын әзірлеу мен халықаралық мойындалған үлгісіне сәйкес жалпы практика мейіргерлердің біліктілік талаптарын дайындаудан басталғаны дұрыс.
Республикадағы мейіргерлік істі жетілдіру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жобасының басты шараларының бірі болып табылады, деп хабарлады ақпарат көздері.
Мейіргерлік істі қоғамның заманауи сұранысына әрі халықаралық талаптарға сай дамыту медициналық қызмет сапасын жақсартып, халық сұранысын қанағаттандырады.