ЭКСПО MILANO 2015 КӨРМЕСІНДЕ ҚР ПАВИЛЬОНЫ ҮЗДІК ҮШТІККЕ КІРДІ
Миланда өтіп жатқан «ЭКСПО-2015» көрмесінің арнайы қазылар алқасының дауыс беруі нәтижесінде ҚР ұлттық павильоны үздік үштікке ілінді, деп хабарлайды Bnews.kz.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұлттық павильон бұл марапатты «Тақырып пен контентті үздік ашу» номинациясында иеленген. Айта кету керек, «ЭКСПО-2015» көрмесінің тақырыбы – «Ғаламды тамақтандыру. Өмірге қажет қуат».
«Қазылар алқасының пікірінше, қазақстандық павильон көрменің тақырыбын мейлінше аша алуымен, сондай-ақ қонақтарды аграрлық мәдениетімен, географиясымен, салт-дәстүрімен, азық-түлікпен қамту ерекшеліктерімен және ұлттық тағамдарымен таныстыруымен құнды болды», - дейді компания өкілдері.
Қазақстандық павильон көрме өткізілген аралықта қонақтарды мейлінше көп тарта білген павильон болды және көрменің ұйымдастыру комитетінің дауыс беру нәтижелері бойынша көш басында тұрған. Нақтырақ айтсақ, күн сайын павильонға 5 мыңға тарта адам бас сұққан. Ал 23 қазан күні Көрмедегі Қазақстан өкілдері миллионыншы қонақ – 57 жастағы италиялық Даниеле Бергоны қарсы алған.
Айта кету керек, 3000 шаршы метрді алып жатқан екі қабатты ғимараттағы қазақстандық павильонның тақырыбы – «Қазақстан – мүмкіндіктер елі» деп аталды. Мұнда қонақтарға Қазақстаннан барған итальян және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін 150 ерікті қызмет көрсетті.