ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЕЛ ҚОРЖЫНЫНА ЖАЛҒЫЗ АЛТЫНДЫ ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ СПОРТШЫ САЛДЫ
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев дзюдодан жастар арасында әлем чемпионы Мағжан Шамшадинді қабылдады. Жас спортшының жетістігімен құттықтап, ақшалай сертификат табыстады.
Естеріңізге сала кетейік, қызылордалық дзюдошы Мағжан Шамшадин үстіміздегі жылдың 24-27 қазан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Әбу-Дабиде жастар арасында әлем чемпионы атанды. Ол 55 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Достон Рузиевті, армениялық Ваган Ховсепянды, әзірбайжандық Натиг Гурбанлиді, жартылай финалдық кездесуде грузиялық Ираклий Купанадзені ұтты. Ал финалда Оңтүстік Корея елінің спортшысы Ха Рим Лимен кездесіп, таза жеңіске жетті. Айта кетейік, Мағжан Шамшадин Қазақстаннан шыққан жастар арасындағы екінші әлем чемпионы.
М.Шамшадин 1997 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты бітірді. Қазіргі таңда М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжде 2-курста оқиды.
– Мемлекет басшысының қолдауының арқасында спорт саласындағы жетістіктеріміз еселеніп өсуде. Бұл байрақты бәсекеде Мағжан ғана жалғыз алтынға қол жеткізді. Атақ, мансапқа берілме. Әлі алда даңғыл, жұлдызды жол бар. Бүкіл Сыр жұртшылығы, қазақ елі саған тілекші. Біз саған әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
– Бұл жеңісім еліміздің мәртебесін асқақтатқанына қуаныштымын. Дәл осылай маған қолдау көрсетіп, жігерлендіріп жатқандарыңызға рахмет. Алдағы уақытта ел намысын абыроймен қорғау үшін аянып қалмаймын. Басты мақсатым 2020 жылғы Олимпиадада топ жару, - деді Мағжан Шамшадин.