АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ БОЛАШАҚТА КІТАП ЖАЗУЫ МҮМКІН
Тәуелсіз елдің тұңғыш ғарышкері Айдын Айымбетов болашақта кітап жазуы мүмкін, беп хабарлайды 24.kz.
Аспан әлемін бағындырған қазақтың үшінші баласы сапардың еліміз үшін маңызын, жерден жырақта жүріп алған әсерін ақ қағазға түсіруді армандайды. «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинарға келіп, қатысушыларымен қауышқан, «Халық қаһарманы» жастарды қызықтырған көп сұрақтың біріне осылай деп жауап берді. Ғарышкердің жас ұрпақ алдында айтқан кеңесі тіптен құнды.
- Өзінің адами құндылықтарын, арман-мақсаттарын құрметтеген адам бай, бақытты деп санаймын. Үй, мол ақша, яхта керек емес, оған ұмтылудың қажеті жоқ. Рухани байлық бәрінен маңызды. Өзгеге сабырлықпен, сүйіспеншілікпен, құрметпен қараңдар. Сонда өздеріңе де сондай қарым-қатынас болады, - деді өз сөзінде ұшқыш-ғарышкер.
Шын пейілімен бар сырын жайып салған батыр ағалары алдында оқушылар да құр қол емес екендерін көрсетті. Оның ерлігіне тамсанғанған жастар тілектерін өлең-күймен жаудырды.