2017 ЖЫЛДАН БАСТАП ГРАНТПЕН БІЛІМ АЛҒАНДАР КЕМІНДЕ 3 ЖЫЛ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ МІНДЕТТЕЛМЕК
2017 жылдан бастап мемлекеттік грантпен білім алған жастар кемінде 3 жыл мамандығы бойынша жұмыс істеуге міндеттеледі. Бүгін Сенатта осы норма енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Заң жобасы білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленген. Заң жобасының негізгі жаңалығы білім беру жүйесіне дуальды оқытуды енгізуге қатысты, бұл студенттердің міндетті өндірістік тәжірибеден өтуін көздейді және оқу орындары мен жұмыс берушілердің білікті мамандар даярлау үшін жауапкершілігін заңнамалық тұрғыда белгілейді.
Сондай-ақ, бірінші жұмыс мамандықтарын алған адамдарға тегін техникалық және кәсіптік білім алуға мемлекеттік кепілдік енгізілмекші.
Заң жобасына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алғандарды оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мамандығы бойынша жұмыс істеуін міндеттейтін норма енгізіледі.
Бұдан бөлек, оқытудың сапасын арттыру мақсатында білім беру ұйымдарында қабылдауға, даярлауға және педагогтардың жұмысына қойылатын талаптар қатаңдатылады. Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің және оқу құралдарының сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруға мемлекеттік монополия енгізу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, Үкімет, уәкілетті орган, білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті толықтырылған.