АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН ДІНТАНУШЫЛАРЫНЫҢ V ФОРУМЫ ӨТІП ЖАТЫР
Астанада Қазақстан дінтанушыларының V форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Зайырлы мемлекет және жоғары руханилық – болашағы біртұтас ұлт платформасы» тақырыбында Қазақстан дінтанушыларының V форумын өткізуді жоспарлаған болатын.
Форумның басты мақсаты дін саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін талдамалық-сарапшылық сүйемелдеу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың жаңа инновациялық әдістерін әзірлеу, елдегі діни білім беру сапасын арттыру жұмыстарын жетілдіру болып табылады.
Форум жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, дінтанушы ғалымдар, теологтар, жалпы білім беру мекемелеріндегі «Дінтану негіздері» факультативті курсының мұғалімдері, «Дінтану» мамандығының студенттері мен магистранттары, діни бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады.
Форумның жалпы отырысын, сондай-ақ оның мынадай тақырыптық бағыттар бойынша үш секциялық отырысын өткізу жоспарланып отыр:
1 секция - «Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері: проблемалары мен перспективалары»;
2 секция - «Қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани дәстүрлердің сабақтастығы»;
3 секция - «Білім беру ұйымдарында дінтануды оқытудың ерекшеліктері: проблемалары мен шешу жолдары».
Форум аясында еліміздің жалпы білім беру мекемелеріндегі «Дінтану негіздері» факультативті курсының үздік мұғалімдерін, дін істері басқармаларының, Астана, Алматы қалалары мен облыстардағы діни проблемаларды зерттеу орталықтарының қызметкерлерін, экстремизмге қарсы спектакльдер мен фильмдердің режиссерлері мен сценаристерін марапаттау рәсімі өтеді.