Т.МҰСАБАЕВ: «БАЙҚОҢЫР» ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙГЕ ӘЛІ ҰЗАҚ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ
«Байқоңыр» ғарыш айлағы Қазақстан мен Ресейге әлі ұзақ қызмет етеді. Бұл жөнiнде ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Ресей Федерациясы ел Президенті В.Путиннің жарлығымен 2007 жылдың 7 қарашасында Амур облысында «Шығыс» ғарыш айлағының құрылысын бастады. Өз аумағында қалаған нысанын салу әр мемлекеттің тәуелсіз құқығы. Әрине, бұл «Байқоңыр» ғарыш айлағына да өз әсерін тигізеді. Ресей Федерациясының федералдық ғарыш бағдарламаларының басым бөлігі «Шығыс» ғарыш айлағына көшетіні белгілі. Осылай жоспарланып отыр, бірақ бұл бүгін-ертеңнің жұмысы емес шынын айтсам. Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағынан кетейін деп жатқан жоқ, біздің ынтымақтастығымыз жалғасуда», – деді Т.Мұсабаев.
Комитет төрағасы «Роскосмос» ғана емес, ресейлік үкімет басшылары да, мемлекет басшысы да «Байқоңыр» ғарыш айлағын Қазақстан мен Ресей бірлесіп пайдалана беретінін мәлімдегенін айтты.
«Байоңыр» ғарыш айлағы Ресей мен Қазақстанның қажеттілігі үшін әлі ұзақ қызмет ететін болады. Қазір «Ангара» зымыран-тасымалдағыш негізінде гептилсіз «Бәйтерек» кешенін құру аясындағы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл өте маңызды. Сонымен қатар, біздің «Байқоңыр» ғарыш айлағында жаңа кешендер құруды пысықтап жатырмыз», – деп мәлімдеді ол.