ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ 97% АДАМДЫ ҚАМТЫДЫ
Ағымдағы жылдың 28 қазанындағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясының аясында мақсатты топтың жалпы санынан (318 мың 724 жасөспірім) 15-19 жас аралығындағы 309 мың 453 адам немесе 97,1% жасөспірім вакцинацияланды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинациялаумен кемінде 95%-дық қамтуды ұсынды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы 13 аймақта өз жұмысын аяқтады. Оның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарында 100%, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Атырау облыстары және Астана мен Алматы қалаларында 95-97%-дан астам адам қамтылды.
Қазірде Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға қызылшаға қарсы «тазарту» иммунизациясы, яғни, вакцинация жасау ісі аяқталып келеді.
Екпеден өткен адамдар арасында иммунизациялау нәтижесі бойынша жағымсыз жағдайлар тіркелген жоқ. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерді қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы өз жұмысын жаңғыртқан болатын. Халықты қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚҚ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі тарапынан келесі шаралар жүзеге асырылды:
- әрбір аймақта үйлестіру ісі бойынша аталған шараға жетекшілік ететін Астана, Алматы қалалары, облыс әкімдері орынбасарларының басшылығымен штабтар құрылды;
- денсаулық жағдайы ескеріле отырып, вакцинациялауға жататын адамдардың құрамы анықталды;
- медициналық қызметкерлерінен тұратын егу бригадалары оқытылып, дайындалды;
- санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай мектептер мен колледждер, сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарында екпе кабинеттері дайындалды;
- жергілікті тұрғындар, оқытушылар, ата-аналар, мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді;
Министрлік иммунизация бойынша кампанияға күнделікті бақылау жүргізіліп отырады.