МОБИЛЬДІК ҮКІМЕТ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА МИЛЛИОННАН АСТАМ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
2014 жылы «Мобильдік үкімет» жобасы іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар eGov мобильдік қосымшасы мен SMS арқылы миллионнан астам мемлекеттік қызметті алып үлгерді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Пайдаланушылар өздерінің мобильдік құрылғылары арқылы көбінесе техникалық байқаудан өту мерзімі туралы ақпаратты, мекенжай анықтамаларын, зейнетақы аударымдары туралы ақпаратты алады, ұялы байланыс қызметтерін төлейді және балабақшаға кезек нөмірін тексереді» - деп атап өтті ҚР ИДМ Байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетінің қызметтерді автоматтандыру басқармасының бастығы Әсет Уаисов.
Сонымен қатар, eGov қосымшасы арқылы Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкіндегі депозит шоттарына 10 млн астам, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін – 4,3 миллионнан астам, ұялы байланыс үшін – 1,3 миллионнан астам теңге төленді.
еgov.kz порталының мәліметінше, қыркүйек айынан бастап қазақстандықтарға мобильдік электрондық цифрлық қолтаңба жазылған SIM-карталар сатыла бастады. Оларды ХҚКО мен Altel бөлімшелерінен алуға болады. Әзірше олар Астана мен Алматы қалаларында бар, жақын арада бұл мүмкіндік Қазақстанның қалған аймақтарында және барлық ұялы байланыс операторларында болады.
Мобильдік қолтаңбаның артықшылықтарының бірі – оның көмегімен кейбір мемлекеттік қызметтерді интернет қосылмаған және қосымшалар орнатуға келмейтін, ең қарапайым ұялы телефондар арқылы алуға болады.
Естеріңізге салсақ, бүгінгі күні Қазақстан азаматтарына мобильдік форматта 50-ден астам қызмет пен сервис қолжетімді, ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 20 мобильдік қызметті іске қосу жоспарланған. eGov қосымшасы iOS және Аndroid платформаларында қолжетімді, қосымшаны жүктеу саны 180 мыңнан асты.