ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ НЫСАНЫНДАҒЫ ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ
№1 Қызылорда қалалық емханасы ғимаратында түнгі мезгілде өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді.
Жаттығудың негізгі мақсаты – өрт сөндірушілердің түнгі мезгілдегі дайындығын тексеру, денсаулық сақтау нысандарында өрт сөндіру кезінде жеке құрамның дайындығын жетілдіру және нысанның күзет қызметімен бірігіп өзара іс – қимылдарын қалыптастыру.
Жаттығу кезінде «өрт» рентген кабинетінде ұйымдастырылды, рентген қондырғысының электр сымдарының тұйықталуы нәтижесінде орын алды. Өрт ошағы бес қабатты ғимараттың бірінші қабатында орын алып, жалын қаупі жоғарғы қабаттар мен ғимараттың жақын бөлмелеріне жайыла бастады.
Өмірлік маңызы зор нысандарға шығу кестесіне сәйкес, өрт сөндіру бөлімшелері жоғары шақырумен жедел түрде оқиға орнына жіберілді. Тез арада өрт сөндіру штабы құрылды және жауынгерлік учаскелермен байланыс ұйымдастырылды. Өртті жоюға қала өрт сөндіру бөлімдері жеке құрамынан 35 адам мен өртке қарсы қызметінің 6 техникасы қатыстырылды. Түнгі уақытта жауынгерлік іс – қимыл кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаттығуға АСО автокөлігі қатыстырылды.
Жаттығу қорытындысы бойынша Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру бөлімдері тапсырманы толығымен орындады деп баға берілді.
Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және
авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ