РЕСЕЙ «БАЙҚОҢЫР» ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНАН КЕТУГЕ АСЫҚПАЙДЫ - Т.МҰСАБАЕВ
Ресей Амур облысында "Восточный" ғарыш айлағын салып жатыр, дегенмен "Байқоңыр" ғарыш айлағынан кеткелі жатқан жоқ. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Әуеғарыш комитетінің басшысы Талғат Мұсабаев мәлім етті.
Оның xабарлағанындай, Ресей жерінде жаңа ғарыш айлағының құрылысы 2007 жылдың 7 қарашасында басталған.
"Бұл егемен елдің өз еркі. Біз олардың ішкі мәселесіне араласпаймыз. Әрине, бұл "Байқоңырға" өз әсерін береді. РФ федералды бағдарламаларының басым бөлігі "Восточныйға" кетіп қалады. Солай жоспарланған болатын. Бірақ ол іс соншалықты жақын арада жасалмайды. Ресей "Байқоңырдан" кетпейді. Біздің қолымызда РФ жоғары басшыларының, Роскосмос пен Ресей үкіметінің мәлімдемелері бар. Олар онда "Байқоңырды" болашақта да РФ пен ҚР бірлесіп пайдаланатындары жөнінде нақты айтылған", - деді ол.
"Қазғарыш" басшысы "Бәйтерек" зымыран кешеніне де тоқталды.
"Гептилсіз ұшатын Ангара зымыраны негізінде құрылатын "Бәйтерек" кешенін құру бойынша жұмыстар белсенді жасалуда. "Байқоңырда" жаңа кешендерді салу жөнінде де мәселелер қаралуда", - деп түйді сөзін Т. Мұсабаев.