БҮГІН ЕЛІМІЗДІҢ КЕЙ ӨҢІРЛЕРІНДЕ ЖАУЫН-ШАШЫН ЖАУЫП, ЖЕЛ КҮШЕЙЕДІ
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі. Тек республиканың оңтүстік-шығысы және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман болады, күндіз Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.