«БАЙҚОҢЫР» ӘЛЕМНІҢ ҒАРЫШТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛА АЛАДЫ
Ресейдің қаржы министрлігі «Байқоңыр» ғарыш айлағын 2016 жылға дейін қаржыландыруды доғаруға ниетті. Бұл «Восточный» нысанының құрылысымен байланысты болуы мүмкін. Өйткені қаржы соған жұмсалады. Оның үстіне, таяу болашақта Қазақстанда бірқатар жоба жүзеге асуы ықтимал, - деп жазады «Мегаполис».
Біріншісі – ғарыш құрылысы саласындағы халықаралық мамандарды – конструктор, инженер және тағы басқаларды тарту арқылы ғарышты игеру мәселесін өздігінше шешу, отандық ғылымды дамытуға ден қою, ғарыш индустриясында отандық кадрларды даярлау. Бұған кем дегенде 10-15 жыл және үлкен бюджет керек.
Екіншісі – кешенді шет мемлекеттерге, өзінің ғарыштық бағдарламаларын сәтті дамытып келе жатқан жеке компанияларға жалға беру. Онда да «Байқоңырда» жүзеге асырылып жатқан ғарыштық бағдарламаларды өңдеуге қазақ мамандары қатысу керек. Қазақстан үкіметі қойып отырған шарт экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, Байқоңыр қаласы мен Қызылорда облысының тұрғындары үшін элеуметтік-экономикалық бағдарламаларды орындауға бағытталады.
Үшінші – «Байқоңырды» қолдануға беруден бас тарту, ғарыш айлағындағы ресурстарды пайдалану.
«Байқоңыр» Қазақстанның құзырында жеке компаниялармен және серіктес мемлекеттермен жұмыс істеу арқылы әлемнің ғарыштық технология орталығына айнала алады.