ҚР ПРЕЗИДЕНТІ БЕЙНЕЛЕНГЕН МАРКА БАӘ САТЫЛУДА
«Қазпочта» АҚ Қазақстан мен Араб Әмірліктері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған маркалардың айналымға енгізілгенін хабарлайды. Марканың атаулы құны 200 теңге.
Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 1 қазанында орнатылып, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара түсінушілікке бағытталуда.
Марка 4 бояулы, офсетті баспа, перфорациясы жоталы. Шығарылым түрі – маркалы парақ. Парақтың өлшемі 140 х 105 мм. Марканың өлшемі 28 х 35 мм. Таралымы – 10 000 дана. Суретші Қ. Ибрайшин. Пошталық марка «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басылып шығарылды.
Пошталық маркаларда екі елдің басшылары – ҚР Президенді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және БАӘ Президенті шейх Халифа бен Заид Аль Нахаян бейнеленген.