«АЛТЫН ЖҮРЕК» НОМИНАЦИЯСЫ БЕРІЛДІ
Кеше Алматыда Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында Орта Азиядағы ең беделді сыйлық және бүгінгі таңға дейін Қазақстандағы жалғыз қайырымды істерге ынталандыратын "Алтын жүрек" меценаттық сыйлығын тапсыру салтанатты кеші болып өтті. Бұл туралы өзінің «Фейсбук» парақшасында PR-менеджер Қайрат Сағынаев хабарлады.
"Бауыржан" қайырымдылық қоры анықтаған 9 номинация бойынша еліміздің түкпір-түкпірінде қайырымдылықты жандарына жалау еткен жомарт жандар анықталды. Солардың қатарында "Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін" номинациясы бойынша жеңімпаз болып, үштіктің додасынан оза шапқан "Абзал и К" компаниясының басшысы, Еңбек Ері Абзал Ералиев ағамыз ие болды.
«Дүйім халық алдында марапатты атақты спортшы, бокстан әлем чемпионы,Олимпиада күміс жүлдегері Ермұхан Ибрагимов табыс етті. Сыр елінің самалын әкелген ағамызды сол жерде құттықтап, естелікке суретке түсіп едік. Абзал аға, жеңісіңіз құтты болсын. Абыройыңыз асқақтай берсін. Қайырымды істеріңіз, жомарттығыңыз жалғасын таба берсін! Құтты болсын», - делінген хабарламада.