ҚЫЗЫЛОРДАДА ТӨРТІНШІ АУДАН КӨГІЛДІР ОТЫНҒА ҚОСЫЛДЫ
Бүгін Арал ауданының орталығы көгілдір отынға қосылды. Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев және «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Қайрат Шәріпбаев қатысты.
Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГаз" АҚ арасында былтыр жасалған меморандумға сәйкес, Жаңақорған, Шиелі, Қазалы және Арал аудандары мен Байқоңыр қаласын газдандыруға қажетті қаражат бөлінген. Ал, келесі жылы Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаржыландыруымен облыстың қалған аудандары газбен қамтылатын болады.
- Алдымен баршаңызға Елбасының ыстық сәлемін жеткізейін. Мемлекет басшысы өңірде жүзеге асырылып жатқан серпінді жобалар мен игі істерге жоғары бағасын берді. Бұл дегеніміз, сындарлы кезеңнің өзінде сыр бермейтін Сыр еліне деген «Елбасының сенімі – әрқашанда Елбасыға қолдау болған халқымыздың тілегі» - деп білемін. Бүгін Сексеуіл кентінің тұрғындары жаңа емхана мен мәдениет үйіне қол жеткізсе, бұл қуаныш көгілдір отынның қосылуымен жалғасып жатыр. «ҚазТрансГаз» Ұлттық компаниясы нағыз халықтық компанияға айналып отыр. Соның арқасында халықтың тұрмысы түзеліп, әлеуметтік жағдайы артатын болады. Қуаныштарыңыз құтты болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
- Бүгін Қызылорда облысында көгілдір отынға төртінші аудан қосылып отыр. Бұл бастама жалғасын тауып, келер жылы қалған аудандарды да газдандырамыз. Біздің компания әлеуметтік жауапкершілікті жоғары қояды. Барлық жұмысты сапалы әрі мерізімінен ерте аяқтап отырмыз, - деді «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры Қайрат Шәріпбаев.
Ауданда алғаш болып үйіне көгілдір отынды кіргізген Берсүгіровтер отбасы. Олардың қуанышында шек жоқ. Талай жылғы армандары орындалғанына риза.
- Жасыратыны жоқ, біздің ауданда отын мәселесі күрделі. Отқа жағатын ағаш таппаймыз. Көмірді көбірек сатып алуымызға тура келді. Енді, бұл қиыншылықтың артта қалғанына қуаныштымыз. Осындай мүмкіндік жасап жатқан Елбасына алғысымыз шексіз, - дейді аудан тұрғыны Хұсайын Берсүгіров.
Арал қаласын газдандыру биыл мамыр айында басталып, газбен жабдықтау жүйесі мерзімінен екі ай бұрын пайдалануға беріліп отыр. «Қызылорда облысының 5 елді-мекенін газдандыру» инвестициялық жобасы аясында «ҚазТрансГаз» АҚ салған нысандар түгелдей дерлік межелеген мерзімінен әлдеқайда ерте аяқталып жатқанын ерекше атап өту керек. 5 ай ішінде Арал қаласында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан жоғары қысымды жеткізуші газ құбыры тартылып, 293 км қалаішілік газ құбырлары салынды. 2 газ тарату пункті (ГТП), 36 шкафтық газ тарату пункті (ШГТП) орнатылды. Енді 32 мың қала тұрғыны, 143 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. «Арал» АГТС қуаты өзге де елді-мекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз етуге жеткілікті болғандықтан, алдағы уақытта Жақсықылыш, Шижаға және Жалғызағаш ауылдарына да құбыр тарту жоспарда бар.
Айта кетейік, соңғы 5 жылда 7 мың жаңа үй газ тарату жүйесіне қосылды. Ірі кәсіпорындар, шағын және орта бизнес нысандары экологиялық тұрғыдан таза отынға ауыстырылды. 2013 жылы Қызылорда қаласының газ жүйесі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырына қосылды. Бұл қаланы көгілдір отынмен қамтамасыз ететін қосымша газ көзі. Осылайша облыс орталығында қыс мезгілінде туындайтын көгілдір отын тапшылығы толығымен жойылып, газбен қамтамасыз етіледі.
Жалпы, Арал ауданы әлеуметтік - экономикалық тұрғыда серпінді дамып келеді. Оның үстіне, Батыс Еуропа – Батыс Қытай, Сексеуіл – Жезқазған сияқты ауқымды жобалар іске асуда.
«Аралтұз» акционерлік қоғамының бастамасымен жергілікті тұз кен орындары негізінде кальцийлендірілген сода зауытын салу көзделуде. Осы орайда, «Арал сода» серіктестігінің «Кальцийлендірілген сода өндіру» жобасы республикалық индустрияландыру картасына енгізу үшін ұсынылды.
«Аралмұнайгаз» кәсіпорны Арал қаласының оңтүстік-шығыс бетінде, Аманөткел, Мергенсай ауылдық округтерінде мұнай барлау жұмыстарына кірісуде. Зерттеу, барлау жұмыстарының қорытындысымен мұнайдың болжамды қоры анықталса, еліміздің мұнай-газ секторын дамытуда да Аралдың өзіндік орны болары сөзсіз.

Комментарии 1