ЖАҢА САПА СТАНДАРТЫ ҚАЛА ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ӨЛШЕУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
ISO 37120 ҚР СТ жаңа сапа стандарты қала қызметтерінің тиімділігін өлшеуге мүмкіндік береді, деп мәлімдеді бүгін ISO 37120 ҚР СТ талқылау бойынша «Қоғамның тұрақты дамуы. Қала қызметтерінің өмір сүру сапасы көрсеткіштері» дөңгелек үстелінде «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директорының орынбасары Еркежан Әмірханова, деп жазады primeminister.kz.
«ISO 37120 ҚР СТ жаңа сапа стандарты қала қызметтерінің тиімділігін айқындайды», - деді Е.Әмірханова.
Оның айтуынша, ISO 37120 ҚР СТ-на енгізілген көрсеткіштер өмір сүру сапасын жақсарту және экологиялық тұрақтылық мақсатымен қызметтер мен олардың динамикасын бағалауға көмектеседі. Бірыңғай тәсіл қалаларды өзара салыстыруға мүмкіндік береді.
ISO 37120 ҚР СТ қолдану қалалық әкімшілік, мемлекеттік органдар, жобалаушылар, дизайнерлер және басқа да маман өкілдеріне басқаруда және қала қызметтері мен өмір сүру сапасының тиімділігін өлшеуде қолданылатын әдістерді бекітуге мүмкіндік береді.
«Қалаланудың айтарлықтай қарқыны қала қызметтеріне жүк түсіреді және қарапайым қала тұрғындарының өмір сүру сапасы деңгейі туралы мәселе туындайды, бұл біріншіден. Ал, екінші жағынан бұл қала қызметтерін ұсыну деңгейі. Көлік коммуникациясы, сумен жабдықтау, энергия тұтыну, қызмет көрсетудің барлық түрлері жыл сайын артып келе жатқан түсетін күшке сәйкес болуы тиіс», - деп нақтылады ол.
Бас директордың орынбасары айтып өткендей, жер бетіндегі халықтың 55% қалаларда тұрады, 10 жылдың ішінде қала тұрғындарының үлесі 20%-ға артқан. Оған қоса, 2050 жылға қарай қалаларда халықтың 70% дейін тұрады деп күтілуде.