ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
«Rio Tinto» австралия-британия концерні, «Korea Resources Corporation» оңтүстік корея ұлттық компаниясы, «Iluka Resources Limited» австралиялық компаниясы Қазақстанға жер қойнауын пайдалану саласындағы озық технологияларды тапсыру бойынша жобаларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасы Ғалым Нұржанов ОКҚ баспасөз конференциясы барысында, деп жазады primeminister.kz.
Ғ.Нұржановтың айтуынша, жобалар іске қосылды, олардың аясында ірі әлімдік компаниялар республикамызға геологиялық барлау және жер қойнауын пайдалану саласындағы жаңа озық технологияларды тапсыру бойынша бағдарламаны жүзеге асыруда.
«Инвестициялар және даму министрлігі «Rio Tinto» австралия-британия концерні, «Korea Resources Corporation» оңтүстік корея ұлттық компаниясы, «Iluka Resources Limited» австралиялық компания, «Ulmus Fund» неміс инвестицияларының жеке қоры сияқты шетелдік ірі инвесторлармен геологиялық барлау жұмыстарын бастады», - деді ол.
Ғ.Нұржанов айтып өткендей, ҚР ИДМ «Rio Tinto» компаниясымен бірге «Қазгеология» АҚ мен Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің 60 маманын жаңа технологиялар трансферті мен озық әдістемелерге оқыту жөніндегі бағдарламаны іске асыруда.
«Сондай-ақ 16 маман «Iluka Resources Limited» компаниясында шашыраңқы кен орындарын барлаудың австралиялық технологияларын оқып-үйренуден өтеді», - деп толықтырды ол.
«Қазгеология» АҚ басқарма басшысының айтуынша, қазіргі уақытта, Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңес шеңберінде ТМД елдерімен шекаралық аумақтарда жұмыстар қарқынды жүруде. Сонымен бірге, 5 елдің қатысуымен (Ресей, Қытай, Монғолия, Корея Республикасы және Қазақстан) «Солтүстік-Орталық-Шығыс Азия және іргелес аумақтардың геологиялық құрылымы мен металлогениясы» бірлескен халықаралық жоба бойынша қызмет жүзеге асырылуда. Қазақстан мен Қытайдың бірлескен геологиялық, тектоникалық және минерагениялық карталары жасалып, іргелес аумақтардың геологиялық карталарын байланыстыру жөніндегі жұмыстар қарқынды жүруде.