ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА «МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ПОЛИЦЕЙІМ» АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ
27-29 қазан аралығында республика көлемінде өткізіліп жатқан «Мен және менің полицейім» акциясы аясында полиция қызметкерлері облыс орталығындағы мектеп оқушыларына облыстық ішкі істер департаментінің мұражайына, қала тынысын бейнебақылау камералары арқылы бақылауға мүмкіндік беретін Жедел басқару орталығына экскурсиялар ұйымдастырды.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш акцияның басты мақсаты жасөспірімдерді полиция қызметінің қыр-сырымен таныстыру, сондай-ақ оларды қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетіне баулу, жол ережелерін үйренуге шақыру болып табылады.
Акция ағымдағы жылдың 29 қазанына дейін жалғасатын болады. Шара барысында жасөспірімдерді патриоттылыққа тәрбиелеу мақсатында «Собр» жедел қимылдайтын жасақ қызметкерлерінің, кинолог мамандар мен иісшіл иттердің жұмысымен, жол патрульдік полиция қызметкерлерінің қызметтік автокөліктерімен және «ГАЗель» автокөлігінде орналасқан жылжымалы криминалистикалық зертхананың жұмысымен таныстыру жоспарланып отыр.
Акция барысында бала тәрбиесіне мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, білім беру ұйымдарында, мектепке дейінгі мекемелердің жоғары топ тәрбиеленушілері үшін «Полиция – дос және қорғаушы» тақырыбында әңгімелесулер, дәрістер және тематикалық ойындар өткізіледі.