БИЗНЕС ОРТАДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ
2015 жылғы 27 қазанда Қызылорда облысының өңірлік кәсіпкерлік палатасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Агенттік және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасындағы кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, әкімшілік кедергілерді төмендетуге бағытталған ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында бизнес құрылым өкілдеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы дәріс өткізілді.
Іс-шара барысында Департаменттің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы және мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Б.Байхожаев қатысуышыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақатында Агенттік және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғандығы жөнінде айтып өтті. Келісімде Қазақстандағы, мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдар құжаттарын қарау процедураларын жеңілдету әрі қысқартудан бастап жалпы қоғамда жер-жерлерде жемқорлықты қабылдамау мәдениетін енгізуге дейін, жұмыстың ашықтығы мен бизнесті дамытуда қолдау көрсету принциптері баяндалған.
Департаменттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл бөлімінің басшысы А.Батырбаев өз баяндамасында әкімшілік тосқауылдар деңгейін төмендету, сонымен қатар кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласуды болдырмау үшін, мемлекеттік органдарға қоса, қоғамдық институттар, Кәсіпкерлер палатасы күштерінің бірігуі және кәсіпкерлер қауымдастығына белсенділік таныту қажеттігін мәлімдеді.