BEELINE ҚАЗАҚСТАН ІШКІ КОРПОРАТИВТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ АШЫЛҒАНЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ
Beeline Қазақстан Beelife – ішкі әлеуметтік желісін 2015 жылы қазанда іске қосты. Ішкі коммуникацияны түрлендіру идеясы қаңтарда туған, қыркүйекте 2700 қызметкер желіге қосылды.
Ішкі әлеуемтеттік желіні енгізудің негізгі мақсаттары: тиімділікті, еліктірушілікті, корпоративтік мәдениетті және айқындылықты арттыру, сондай-ақ «ақылды үдерістерді» енгізу.
Beelife – компанияның жаһандық стратегиясына толықтай сай келеді, ол ыңғайлы сандық шешімдердің арқасында көрсеткіштерді көтеруге және коммуникацияны оңайлатуға, ақпаратты іздеуді жеңілдетуге және әріптестермен күнделікті қарым-қатынастан ләззат алуға, лайктар басып, посттармен бөлісуге және пікір білдіруге бағытталған.
Beelife қызметкерлерді сандық әлемге аудару және өсіп келе жатқан білім негізін толықтыру үшін жасалған – бұл өз-өзіне қызмет көрсетуге арналған тамаша алаң. Бүгінгі таңда әрбір қызметкер «есеп парағын» оп-оңай ала алады, өз бонустарын есептеп, медициналық сақтандырудың егжей-тегжейін біле алады және іссапарын жоспарлап, компания ішіндегі бос жұмыс орындары туралы ақпаратқа қол жеткізіп, жеке кабинетті қолдана алады. Егер қандай да бір қиындықтар туындаса, қызметкерлер кез келген уақытта қолдау орталығына хабарласса болады. Тағы бір артықшылық – бұл кросс алаңдық қызмет, кез келген қызметкер әлеуметтік желіге компьютерден, смартфоннан немесе планшеттен қол жеткізе алады.
«Негізгі мәселе барлық қызметкерлерді жұмылдыру және біріккен кеңістіктегі күн сайынғы қатынасты өзгерту, сұлулық пен digital технологияның артықшылықтарын көрсету болды» - деп Beeline Қазақстан компаниясының Ұйымдық даму және қызметкерлермен жұмыс істеу бойынша бас директоры Ольга Бережная өз пікірін білдірді.
Beelife қызметкерлердің өзін өзі көрсетуіне, басшылардың көзіне түсуіне, компания ішіндегі қатынасты күшейтуге және тамаша нәтижелер көрсетуге мүмкіндік береді.